Қазақстандықтар жаппай жылжымайтын мүлік сатып алуда

793

2021 жылдың наурызында қазақстандықтардың белсенді түрде үй сатып ала бастағаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстандықтар жаппай жылжымайтын мүлік сатып алуда

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны ақпанмен салыстырғанда 28,2%-ға өсіп, 52,7 мыңға жеткен. 2020 жылдың наурызымен салыстырғанда олардың саны 2,4 есе өскен.

Әсіресе, Маңғыстау облысының тұрғындары белсенді түрде баспана сатып ала бастаған. Мәмілелер саны ақпанмен салыстырғанда 48,4%-ға, ал өткен жылмен салыстырғанда 8,9 есе өскен. Ал Нұр-Сұлтанда ақпанмен салыстырғанда мәмілелер саны 8%-ға төмендеген. 

2021 жылдың қаңтар-наурызында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 74,2%-ға артқан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу