Қазақстандықтарды медициналық көмекпен қамтуға қанша қаржы керек екені белгілі болды

301

Мәжілісте денсаулық сақтау саласын дамыту перспективасы талқыланды. 

Қазақстандықтарды медициналық көмекпен қамтуға қанша қаржы керек екені белгілі болды Фото: liter

Биыл медициналық көмекті қаржыландыруға 2,8 трлн теңге жоспарланып отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Денсаулық сақтау саласының барынша өзекті жүйелі проблемаларына диагностика жүргізілді. Оларды шешудің негізгі тәсілдері әзірленді. Қызметтің 4 негізгі бағыты анықталып отыр. Бұл – МӘМС жүйесін түбегейлі қайта жаңарту. Екіншіден, медициналық көмек көрсету жүйесін жаңғырту. Үшінші – саланы мемлекеттік басқару жүйесінен қайта құру және азаматтардың қалта шығыстарын азайту. Біздің жұмысымыздың басты басымдығы – пациентке бағдарлану. Медициналық ұйымдардың және жалпы саланың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету ең негізгі, ең өзекті проблема болып тұр", - деді ведомство басшысы.

Сөзінше, бұл министрліктен бастап дәрігер мен мейіргерге дейін барлық деңгейде мемлекеттік қаражатты пайдаланудың жоғары қаржылық тәртібін, тиімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету.

"Биыл медициналық көмек пен амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қызметтерін сатып алуға 2,8 трлн теңге жоспарланып отыр. Оның ішінде тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемінің пакеті бойынша – 1,6 трлн теңге, МӘМС пакеті бойынша – 1,2 трлн теңге бөлінген. Бұл, әрине, қомақты қаражат. Бұл қаражаттың тиімділігін біз өз тарапымыздан ұйымдастыруымыз керек", - деп атап өтті ДСМ басшысы.

Ақмарал Әлназарова саланы созылмалы жеткіліксіз қаржыландыру және саланың экономикасы мен қаржысын басқару жүйесінің жүйелі әлсіреуі қазір батыл шешімдерді қабылдауды қажет ететінін айтты.

Бұдан бөлек ол министрліктің құрамын қайта қарағандарын да жеткізді.

Айта кету керек, осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова МӘМС жүйесіне қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз. Депутаттар медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысын сынға алы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу