Қазақстандықтарды шәй бағасы қымбаттағаны қызықтырмайды

1390

Қазақстандықтарды шәй бағасы қымбаттағаны қызықтырмайды

Шәйдің қымбаттағанына қарамастан шәй-кофе өнімдерінің сатылымы 15% өскен, ал бағасы 16% өсті, деп хабарлайды energyprom.kz.

Жарты жылда ҚР 62,8 миллион доллар көлемінде 17,2 мың тонна шәй импорттаған. 

Тамыз айында шәй бағасы қымбаттады, ал шілдеде 0,1%-ға көтеріліп, ай соңында килограмы 2,9 мың теңге болды. Жылдық өсім 15,9% құрады.

Шәй ең қымбат өңірлер Қостанай (1 кг- 3,3 мың тг, шәй бағасы 1 жылда 27,1% өскен), Алматы (1 кг -3,3 мың тг, шәй бағасы 1 жылда 0,6%- ға көтерілген)  және Астана (1 кг - 3,1 мың тг, шәй бағасы 1 жылда 17,8% ұлғайған) болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу