Қазақстандықтардың 250 млрд теңге қарызы кешіріледі

148

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева Сенат кулуарында мәлімдеді.  

Қазақстандықтардың 250 млрд теңге қарызы кешіріледі Фото: fingramota.kz

Қазақстанда 66 мыңнан аса адамның қарызы есептен шығарылмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тек қана соттан тыс банкроттық рәсімі арқылы шамамен 132 миллиард теңге қарызды есептен шығару жоспарланған.

"Жалпы алғанда, банкроттықтың екі түрі бойынша қазірдің өзінде 66,6 мыңға жуық адам банкрот деп танылды. Екі рәсім бойынша жалпы жиынтығы 66 600 адам банкрот деп танылды және олар бойынша 250 миллиард теңге есептен шығарылуға жатады", – деді басқарма басшысы.

Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кейбір қазақстандықтардың табысы мен мүлкін тексермей-ақ мерзімі өткен несиелерін есептен шығара алатынын хабарлаған болатын.

Егер азамат несиесін 5 жылдан аса уақыт бойы төлемесе, оның қарызы автоматты түрде кешірілуі мүмкін - бұл жағдайда оның қанша табыс табатыны және мүлкінің бар-жоғы ескерілмейді.

 Сондай-ақ Қазақстанда "проактивті банкроттық" енгізіліп жатыр: мемлекет мұндай борышкерлерді өзі анықтап, оларға қарызды есептен шығаруды ресімдеу туралы ұсыныспен SMS хабарлама жібереді.

Банкроттыққа қалай өтінім беруге болады?

  • Банкроттық рәсімі орта есеппен 6 айға дейін созылады және оның екі түрі бар – соттан тыс және сот арқылы.    

Соттан тыс банкроттық – ең қарапайым нұсқа:

  • өтінім беру кезінде ЖСН көрсету жеткілікті;
  • жұбайының келісімі қажет (егер бар болса);
  • банкроттыққа тек жеке кәсіпкер (ЖК) болып табылмайтын Қазақстан азаматы өтінім бере алады.

Бұл eGov.kz порталында, e-Salyq Azamat, eGov Mobile мобильді қосымшаларында немесе қағаз түрінде Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын маңдағы бөлімшесі арқылы жүзеге асырылады.

Сот арқылы банкроттық жағдай күрделірек болса - қарыз 1600 АЕК-тен (2024 жылы шамамен 7 миллион теңге) асса және мүлік болса қолданылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу