Қазақстандықтардың 45%-ы ғана коронавирусқа қарсы екпе алған

1011

Елде 1,1 млн адам коронавируспен ауырған.

Қазақстандықтардың 45%-ы ғана коронавирусқа қарсы екпе алған

COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша рейтингте Қазақстан 224 елдің арасында 46-орынды иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Елде халықтың 45%-ы ғана коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған.

COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша рейтингтің көшбасында АҚШ, Үндістан, Бразилия, соңында Тонга және Микронезия тұр.

ТМД елдері арасында Ресей (10 млн 899 мың 411 мың адам коронавирус жұқтырған) мен Украинаның (3 млн 780 мың 903 адам) көрсеткіші Қазақстанға қарағанда (1 млн 85 мың 4 адам) нашар. Осылайша, Қазақстан рейтингте 224 елдің арасында 46-орынға ие болды.

COVID-19-ға қарсы вакцина алған халық саны бойынша еліміз 216 елдің арасында 48-орында тұр. 8,6 млн қазақстандық екпе алған.

Алайда толық вакцина алған халықтың үлесі бойынша Қазақстан 216 елдің арасында 119-орында. Елде толық екпе алғандардың үлесі – 45,2% ғана.

Әлемде халқы толық вакцина алған елдердің үздік үштігіне Қытай, Үндістан және АҚШ енді. Сондай-ақ Гибралтар, Мальта және Солтүстік Кипр үздіктердің қатарында.

ТМД-ның басқа елдерінде де вакцинация баяу қарқынмен жүріп жатыр.

Ресейде COVID-19-ға қарсы екпе алған халықтың үлесі – 47,2%, Әзірбайжанда – 45,9%, Беларусьте – 39,4%, Өзбекстанда – 36,4%, Украинада – 34,9%, Тәжікстанда – 30,9%, Арменияда – 26,4%, Молдовада – 24,9%, Қырғызстанда тек 15,2%. 

Пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирустан 5,6 млн адам қайтыс болды. 339,4 млн адам COVID-19 жұқтырды, 273,2 млн адам вирустан айықты.

2021 жылғы үш тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда тыныс алу органдары ауруларынан 15,2 мың адам көз жұмды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,2%-ға аз.

Алматы, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында аталған аурулардан адам өлімі көп тіркелді. Маңғыстау облысында адам өлімі аз тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу