Қазақстандықтардың автобус пен таксиге сұранысы артты

151

2026 жылдың қаңтар–шілде айларында автомобиль және қалалық электр көлігімен 1,1 млрд жолаушы тасымалданды.  

Қазақстандықтардың автобус пен таксиге сұранысы артты Фото: Астана қаласы әкімдігі

Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,6%-ға артық. Көлік кәсіпорындарының жолаушылар тасымалынан түскен табысы осы кезеңде 303,1 млрд теңгеге жетіп, 13,9%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Табыстың негізгі бөлігі қандай?

Табыстың негізгі бөлігін автобустар мен такси қамтамасыз етті. Автобуспен тасымалдау 192 млрд теңге табыс әкелді. Бұл бір жылда 15,5%-ға көп. 

Такси қызметі 101 млрд теңге тауып, номиналды табысын 10,5%-ға арттырды. Алайда бағаның өзгеруін ескергенде, бұл сегменттің нақты табысы, керісінше, 3,2%-ға қысқарды.

Сонымен қатар такси жолаушыларының саны көбейді – 88,8 млн адам, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,2%-ға артық. Яғни, сапарлар санының өсуі әзірге таксистердің нақты табысының артуына әсер етіп жатқан жоқ. Автобустар негізгі жолаушылар көлігі болып қала береді: 7 айда олар 971,7 млнадамды немесе автомобиль және қалалық электр көлігі жолаушыларының шамамен 90%-ын тасымалдады.

Қай өңірде жолаушылар көп?

Жолаушылар ең көп тасымалданған өңірлер – Алматы (267,5 млн адам) және Астана (188,3 млн). Осы екі қалаға барлық жолаушы ағынының шамамен 41%-ы тиесілі. Бұл ретте такси қызметі айтарлықтай қымбаттап жатыр. Шілде айында қалалық такси бағасы бір жылда 13,4%-ға өссе, қалалық автобустардағы жол жүру ақысы 3,3%-ға қымбаттады.

Жалпы алғанда, жолаушылар ағыны бірнеше жылдан бері өсіп келеді. 2022 жылғы қаңтар–шілдемен салыстырғанда ол 41,2%-ға – 786 миллионнан 1,1 млрд сапарға дейін өсті. Алайда өсу қарқыны бәсеңдеді: егер 2023-2025 жылдары бұл көрсеткіш жылына шамамен 9-11% болса, қазір 5%-дан аз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу