Қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы 6 триллион теңгеден асқан

919

Яғни, әрбір борышкердің банктерге кем дегенде 900 мың теңгеден берешегі бар деген сөз.

Қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы 6 триллион теңгеден асқан

Ел азаматтарының банк алдындағы қарызы 6 триллион теңгеден асып жығылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Финппром порталы мәлімдеуінше, елімізде осы жылдың ақпан айында жеке тұлғаларға берілген кредит көлемі 360 миллиард теңгені құраған. Бұл бір ай бұрынғы мөлшермен салыстырғанда 4 пайызға, ал бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 31 пайызға  артық.

Аталған соманың басым бөлігін тұтынушылық несие құрайды екен. Одан кейінгі орындарда ипотека мен автонесие тұр. Яғни, халық көбіне бизнес бастау үшін емес, тұрмыстық қажеттіліктен қаржы институтынан пайызға ақша алуға жүгінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу