Қазақстандықтардың банктердегі жинағы 30 триллион теңгеден асты

211

Бұл ақпаратты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мәлімдеді.  

Қазақстандықтардың банктердегі жинағы 30 триллион теңгеден асты Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Отандастарымыздың екінші деңгейлі банктердегі жинағы 30 триллион теңгеден асып, рекорд орнатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында халықтың банктердегі ақшасы 7%-ға көбейген. Оның ішінде теңгемен сақталған ақша 9,5%-ға өссе, шетел валютасындағы жинақтар 3,4%-ға азайған.

Тұрғындар көбінесе ақшасын қайта толықтырып отыруға болатын мерзімді және жинақ салымдарына жиі салады екен.

Сонымен қатар балалардың білім ақысына немесе баспанаға жинайтын арнайы депозиттері де 12%-ға көбейген.  

Халықтың ақшасын қорғайтын арнайы қордың жағдайы тұрақты. Бүгінде қорда банктердің жарнасы мен инвестициядан түскен табыс есебінен жиналған 1,73 триллион теңге резерв бар. Бұл заң талаптарынан да артық (талап бойынша кемінде 5% болуы керек, ал қазір бұл көрсеткіш 5,8%-ға жетті). Бұл жүйе толығымен өздігінен жұмыс істейді және мемлекеттік бюджетке тәуелді емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу