Қазақстандықтардың берешегі 19 трлн теңгеге жеткен

901

Қазақстандықтардың банк алдындағы берешегі 19 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазақстандықтардың берешегі 19 трлн теңгеге жеткен

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің дерегіне сүйенсек, ақпанда жеке тұлғалардың қарызы, шамамен, 2,5 пайызға өсіп, 11 трлн теңгеден асып жығылған.

Ал заңды тұлғалардың берешегі 5 пайызға артып, 8 трлн теңгеге жетті. Негізі, азаматтардың қарызы жыл басынан бері күрт өскен.

Мысалы, ақпанда рәсімделген кредиттің көлемі қаңтармен салыстырғанда 33 процентке көп. Яғни борышкерлер 1 айда 2 трлн теңгеге жуық қарыз алған.

Салаға жауапты ведомствоның мәліметінше, бұл – қалыпты  құбылыс. Себебі жыл басында бәсеңдеген іскерлік белсенділік енді-енді қалпына келе бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу