Қазақстандықтардың дені жазғы демалыстарын үйде өткізбек

539

Биыл қазақстандықтардың басым бөлігі жазғы демалыстарын үйде өткізбек. 

Қазақстандықтардың дені жазғы демалыстарын үйде өткізбек Фото: baq.kz

Мұндай ақпаратты OLX.kz онлайн жарнамалар сервисі ұсынып отыр. 

Арнайы сауалнамаға қатысқан 4 мыңнан астам адамның жартысына жуығы, ақшаның жетіспеушілігінен биыл ешқайда демалуға бармайтындарын айтқан. Бұл сандар өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға артқан. Сұрақ-жауапқа қатысқандардың 25 пайызы, ел ішін аралаймыз,- десе, 13 пайызы қала сыртына шығып демалмақ, ал шетел асуға әзірленіп отырғандардың саны  17 пайыз. 

Қазақстандықтардың дені демалу үшін, Түркияны таңдап отырған көрінеді. Ал ел ішінде әзірге көпшіліктің көңілінен шығып отырған демалыс орны – Алакөл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу