Бұл 2025 жылғы тамызбен салыстырғанда 5,7% аз, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы жеке тұлғалардың банктердегі депозиттерінің көлемі 28,5 трлн теңгеге жетті. Тамыз айында бұл көрсеткіш 0,1%-ға өскен.
Сонымен қатар халық пен бизнестің жалпы депозиттері бір айда 1,5%-ға қысқарып, 50,2 трлн теңгені құрады. Агенттік жалпы көлемнің төмендеуін шетел валютасындағы салымдардың азаюымен түсіндірді.
Тамызда халыққа берілген несиелердің көлемі 1,2%-ға артып, 26,5 трлн теңгеге жетті. Оның ішінде тұтынушылық несиелер 17,6 трлн теңгені, ипотекалық қарыздар 7,8 трлн теңгені құрады.
1 қыркүйектегі мәлімет бойынша, мерзімі 90 күннен асқан халықтың проблемалық несиелерінің көлемі 1,2 трлн теңге болды. Бұл жалпы кредит портфелінің 4,6%-ына тең.
"Халыққа теңгемен берілген кредиттердің орташа алынған мөлшерлемесі тамызда 20,3%-дан 20,6%-ға дейін өсті. Ипотекалық қарыздар бойынша мөлшерлеме 10,7%-ға жетті. Ал халықтың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа мөлшерлеме 14,7%-дан 14,6%-ға төмендеді", – делінген агеттік хабарламасында.
Қазақстанда 23 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді. Олардың активтері 75,7 трлн теңгені құрайды.
Елімізде 1 қазаннан бастап жекелеген валюталық депозиттер бойынша шекті мөлшерлеме 1%-дан 2,5%-ға дейін көтерілді. Бұл талап ереже күшіне енген күннен бастап ашылған немесе ұзартылған 12 айдан астам мерзімге арналған жинақ депозиттеріне қатысты.