Қазақстандықтардың есепшоттары жаппай бұғаттан шығарылады

195

Мұндай өзгерістер жалақы, алимент, зейнетақы немесе жәрдемақы түсетін карталарға қатысты.  

Қазақстандықтардың есепшоттары жаппай бұғаттан шығарылады Фото: bank.kz

ҚР Әділет министрлігі Республикалық Жеке сот орындаушылары палатасымен бірлесіп, 6-30 сәуір аралығында маңызды төлемдер түсетін шоттарды бұғаттан шығаруға арналған науқан өткізіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Егер шотты сот орындаушысы бұғаттаған болса, енді оған қайта қол жеткізудің заңды жолы бар.

Шотты бұғаттан шығару үшін мекемеге бару қажет емес. Өтінішті Adilet.gov мобильді қосымшасы арқылы жеке сот орындаушысына (ЖСО) жіберуге болады.

Негізгі шарт – шоттың мақсатын құжатпен дәлелдеу. Ол үшін жұмыс орнынан анықтама немесе Мемлекеттік әлеуметтік төлемдер орталығынан (МӘТО) осы шотқа әлеуметтік төлемдер не жалақы түсетінін растайтын құжат қажет.

Айта кетейік, бұғаттан шығарылғанымен, қарыз қала береді. Бұл акция тек өндіріп алу кезеңінде азаматтардың табысын пайдалануға мүмкіндік береді. Барлық құжаттарды сәуір айының соңына дейін тапсыру қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу