Қазақстандықтардың есепшоттарына кибершабуыл жасаған күдікті ұсталды

140

Тәртіп сақшылары Алматы қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады.  

Қазақстандықтардың есепшоттарына кибершабуыл жасаған күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

Жетісу облысында полиция қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп киберқылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстарын күшейтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде интернет-алаяқтық арқылы азаматтардың есепшоттарынан ұрланған қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысы бар ұйымдастырушы қолға түсті.

Ол Қазақстан аумағында жасалған бірқатар қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді. Тінту барысында күдіктіден iPhone 16 Pro ұялы телефоны, BMW X7 автокөлігі және шетелдік байланыс операторларына тиесілі төрт SIM-карта тәркіленді.

Тергеу мәліметінше, күдікті OLX платформасында жалған хабарландырулар орналастырып, азаматтарға банк арқылы тауарлық несие рәсімдеуді ұсынған. Сенгіш адамдарды алдау арқылы ол дроповодтар мен дроптарды тартып, заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол қылған.

Қазіргі таңда қылмыстық істі мамандар тергеп жатыр. Әзірге, өңір бойынша 4 жәбірленуші анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу