Қазақстандықтардың мойнындағы несие 13 трлн теңгеден асқан

570

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлім етті.

Қазақстандықтардың мойнындағы несие 13 трлн теңгеден асқан

Қазақстандағы жеке тұлғалардың мойнындағы несиенің жалпы сомасы 13 трлн теңгеден асқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жеке тұлғалардың кредиттері 2022 жылғы қыркүйекте 2,5% ұлғайып, 13,1 трлн теңге болды (жыл басынан бері 21,6% өсті). Жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды жалғастыру нәтижесінде ипотекалық кредиттеудің 3,3% немесе 4,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған. Сондай-ақ, тұтыну қарыздарының 2,3% немесе 7,2 трлн теңгеге дейін өскен", - делінген хабарламада.

Ведомство дерегіне сүйенсек, 1 қазандағы жағдай бойынша, банк секторы бойынша өтелмеген қарыздардың деңгейі 802 млрд теңгеге жетіп, жалпы несие портфелінің 3,6%-ын құраған. Бұл көрсеткіш басында 3,3% немесе 669 млрд теңге болатын.

"Шағын және орта бизнесті қоса алғанда тұлғалардың портфелінде төлеу мерзімі 90 күннен артық кешіктірілген қарыздардың үлесі 3,5% немесе 349 млрд теңге болып отыр. Жеке тұлғалардың портфелінде бұл көрсеткіш 3,7% немесе 453 млрд теңге. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу 72,8%-ды құрайды", - деді агенттік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу