Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы өсті

602

Өңірлік бөліністе Алматы қаласында өмір сүру ұзақтығы ең жоғары – 77,3 жас.

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы өсті Фото: forumdaily

2022 жылы туған кездегі халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 74,4 жасты құрады, Осылайша көрсеткіш бір жылдың ішінде бірден 4,2 жасқа өсті. Айта кетейік, 2020-2021 жылдары өмір сүру ұзақтығы көп жылғы өсімнен кейін алғаш рет төмендеген болатын, тиісінше 71,3 және 70,2 жас, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Гендерлік тұрғыдан алғанда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 78,4 жасты құрады, 2021 жыл 74 жас болған. Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,2 жасқа дейін өсті, бұған дейін соңғы 5 жылда ол 68,8 жас деңгейінен көтерілмеген болатын. 

Өңірлік бөліністе Алматы қаласында өмір сүру ұзақтығы ең жоғары – 77,3 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 71,4 жас.

Айта кетейік, Туған кезде халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы – бұл ұрпақтың бүкіл өмірінде әр жас тобындағы өлім-жітім деңгейінің көрсеткіші есептік жылдағыдай деңгейде өзгеріссіз қалатын жағдайда осы ұрпақтан туған бір адамның өмір сүретін жасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу