Қазақстандықтардың салықтық берешегі 340 миллиард теңгеге жеткен

739

Қазақстандықтардың салықтық берешегі 340 миллиард теңгеге жеткен

Елімізде азаматтарының салықтық берешегі 340 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Atameken TV.

Соңғы бір жылда қарызы барлардың саны 283 мың адамнан асыпты.

Мемлекеттік кірістер комитетіндегілердің дерегінше кәсіпкерлер, заңды және жеке тұлғаларды есепке алғанда 1 млн 602 мың адам салығын өтемеген. Негізгі қарыз көлемі 199 млн теңге, өсім көлемі 117 млн теңгеге жеткен.

Еске салайық6 1 шілдеден бастап енген cалық кодексіне сай қарызы бар азаматтарға жекелеген банк операциялары қызмет көрсетпейді. Яғни мемлекет алдындағы берешегі барлар ақша аудару, бөліп төлеуге техника алу және несие рәсімдеу сынды операцияларды  орындай алмайды. Есеп-шоттары да бұғатталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу