Қазақстандықтардың шетелдік валютада кредит алуға құлшынысы төмендеді

584

2022 жылдың маусым айы бойынша экономиканы банктік кредиттеу көлемі 19,5 трлн теңгеге жетіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 24,8%-ға артып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап. Мысалы, 2021 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша 15,6 млрд теңгені құраған. 

Қазақстандықтардың шетелдік валютада кредит алуға құлшынысы төмендеді

Шетелдік валютадағы қарыздар 1,6 трлн теңгені құрап, ҚР екінші деңгейлі банктердегі экономикаға берілетін кредиттердің жалпы көлемінің 8,3 пайызын құраған. 

Басқа елдермен салыстыратын болсақ, 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Өзбекстанның банк жүйесінде шетел валютасымен алынған кредит көлемі – 48,5%.

Сонымен қатар елімізде жеке тұлғаларға шетел валютасымен берілген кредиттер көлемі жаздың басында 14,6 млрд теңгені құрап, 2021 жылға қарағанда 53%-ға азайған (2021 жылғы маусымда бұл көрсеткіш 31 млрд теңгені құраған).

Жеке тұлғалардың шетел валютасындағы қарыздарының ең көп көлемі Алматы қаржы орталығына тиесілі. Яғни 10,6 млрд тг немесе бүкіл республика бойынша 73 пайызды алады. Екінші орын – ШҚО, ал үшінші орында Шымкент қаласы.

Еліміз бойынша Алматы қаласында валюталық кредиттік қоржын ең жоғары. Мұнда шетел валютасында кредит алу 2016 жылы күрт өсіп, сол жылдың қаңтар айындағы көрсеткіш 482,9 млрд теңгені құраған. Десек те, биылғы жазда қарыз көлемі 45 есеге қысқарған. 

Бұдан елімізде шетел валютасымен кредиттеудің, соның ішінде жеке тұлғаларды кредиттеудің көлемі төмендегенін көруге болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу