Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 1 трлн теңгеге өсті

335

Ұлттық банктің 2014 жылдан бері берген таза инвестициялық табысы –  7,4 трлн теңге.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 1 трлн теңгеге өсті Фото: gov.kz

2023 жылдың 1 мамырына дейінгі мәлімет бойынша, азаматтардың зейнетақы жинақтары 1 трлн теңгеге  өсті. Бұл туралы ranking.kz хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Төрт айда БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарындағы инвестициялық табысы 481,8 млрд теңгені құраған.

"Ұлттық банктің 2014 жылдан бері берген таза инвестициялық табысы –  7,4 трлн теңге. Зейнетақы жинақтарының құрылымындағы жинақталған таза табыстың үлесі жүргізілген төлемдерді есепке алғанда биыл мамыр айының басындағы жағдай бойынша 36,4 пайызды құрады" – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу