Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 26,36 трлн теңгеден асты

120

БЖЗҚ-да 18,28 млн бірлік зейнетақы шоты бар.  

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 26,36 трлн теңгеден асты Фото: canva

1 ақпандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 26,36 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 3,74 трлн теңгеге немесе 16,5%-ға өсті. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,81 трлн теңге. 12 айдағы өсім – 14,4%. Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары – 736,07 млрд теңге, 12 айда көрсеткіш 13,2%-ға өскен.

БЖЗҚ хабарлауынша, бір жыл ішіндегі ең үлкен өсімді (23,6%) ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтар көрсеткен. Олардың 2026 жылдың ақпанындағы жағдай бойынша көлемі 9,89 млрд теңгеге жетті. Салымшылардың зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 807,75 млрд теңге болды.

"Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың қаңтар айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 264,65 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13,0%-ға (немесе 30,41 млрд теңгеге) артық. 2026 жылғы ақпандағы БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 124,27 млрд теңгені құрады", – делінген хабарламада.

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл басынан бері 17,30 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы қорынан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 38 312 теңге.   

2026 жылдың қаңтар айында тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері – 47,88 млрд теңге, мұрагерлік бойынша – 17,80 млрд теңге, ел аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 3,09 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға –352,91 млн теңге, жерлеуге – 866,12 млн теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 36,99 млрд теңге аударылған.

БЖЗҚ-да 18,28 млн бірлік зейнетақы шоты бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу