Қазақстандықтардың зейнетке шыққаннан кейін қанша өмір сүретіні анықталды

918

Халықтың демографиялық қартаюы БЖЗҚ-ның мазасын кетіруде.

Қазақстандықтардың зейнетке шыққаннан кейін қанша өмір сүретіні анықталды

Қазақстандықтардың зейнетке шыққан соң, қанша өмір сүретіні анықталды. Мұны БЖЗҚ сарапшылары санап шығыпты, деп хабарлайды abctv.kz.

БЖЗҚ мәліметінше, Қазақстанда адамдардың өмір сүру ұзақтығының өсуі байқалуда. Ресми дерек бойынша, 2017 жылы өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші 73 жасқа жеткен. Дегенмен, бөле-жара алғанда, нәзік болмыс иелерінің ұзағырақ тіршілік ететіні мәлім болды: ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы – 69 жыл болса, әйелдердің жасы – 77 жыл.

БЖЗҚ-ның шетелдік сарапшыларды тарта отырып, жүргізген актуарлық зерттеулерге сәйкес, зейнеткерлікке шыққаннан кейін ерлердің өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен 81 жылға жеткен, яғни 18 жылдай зейнетақы алады. Ал әйелдер 82,2 жасты құрап отыр, яғни 24 жылдай бейнетінің зейнетін көреді.

"Демографиялық кәрілік шкаласы бойынша егер жасы 60-қа жеткен және одан асқан тұрғындарының үлесі 12% деңгейінде болса және одан жоғарыласа, онда ол халық демографиялық қартаюда деп танылады. Қазақстан осы межеге жақындады: қазіргі кезде елімізде бұл көрсеткіш 11,3%-ды құрайды", – деп алаңдайды БЖЗҚ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу