Қазақстандықтардың жеке табыс салығы қате есептеліп келген

1327

Қазақстандықтардың жеке табыс салығы қате есептеліп келген. Осылайша, Мемлекеттік кірістер комитеті жұмыс істеуші азаматтарға қыруар қарыздар болып қалып отыр, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазақстандықтардың жеке табыс салығы қате есептеліп келген

Қателіктің барын бірінші болып бухгалтерлер анықтап, жауапты орынға шағым түсірген. Нақтыласақ, ақшаның артық алынуы мынадай әдіспен жүріпті. Мәселен, еңбек етушінің айлығы 100 мың теңге болса, одан жеке табыс салығы үшін 8900 теңгеден ұсталуы керек болған. Бірақ іс жүзінде одан 10 мың теңге алыныпты. Яғни, артығы – 1100 теңге.

Комитет өкілдері мұндай өрескел қателіктің кеткенін жоққа шығармайды. Бірақ ресми түсіндірмелеріне қарағанда, артық ақша зейнетақы салымының 10%-ы мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынаның 1%-ының ішінен қосымша алынып келіпті. Енді комитет табыс салығы артық ұсталған азаматтарға арыз жазып, қаражаттарын кері қайтарып алуына мүмкіндіктері барын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу