Әлеуметтік желіде "өтемақы" төленетіні туралы жалған ақпарат тарап жатыр

263

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Әлеуметтік желіде "өтемақы" төленетіні туралы жалған ақпарат тарап жатыр Фото: freepik.com

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) Әлеуметтік желілерде өтемақы төлейтіні туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға Еңбекмині тарапынан өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат таратылуда. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

"Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу