Қазақстандықтарға карантинде 42500 теңге төлене ме?

11724

Мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. 

Қазақстандықтарға карантинде 42500 теңге төлене ме?

Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден басталатын екі апталық карантин кезінде 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем берілмейтінін кесіп айтты.

Баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері "42 500 теңге көмегі тоқтады, бірақ әлі толық жұмысын жандандыра алмай отырған мекемелер бар. Кәсіп иелері табыс жоқ болған соң, барлық қызметкерлерге әлеуметтік төлем төлей алмайтындарын айтуда. Мұндай жағдайда халыққа енді әлеуметтік төлем беріле ме?" деген сауал қойды.

"Бұл – төтенше жағдаймен тікелей байланысты. Ары қарай төтенше жағдай тоқтатылғаннан кейін, оған ешқандай заңнамалық негіздеме жоқ. Сондықтан азаматтар мүмкіндігінше қызмет орындарында жұмыстарын жалғастыруға тиіс", – деді Ералы Тоғжанов.

Еске сала кетсек, Мемлекеттік комиссия елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қатысты шараларды бекітті.  Оған сәйкес 5 шілдеден бастап 14 күнге эпидемиологиялық жағынан қауіпті орындар жабылатын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу