Қазақстандықтарға келер жылдан бастап қоқысты сұрыптау міндеттеледі

1001

Қазақстандықтарға келер жылдан бастап қоқысты сұрыптау міндеттеледі

Қазақстандықтар енді үйінен шығарылатын қоқыстарын өздері реттейді, деп хабарлайды atr.kz.

Қоқысты іріктеу талаптары әр өңірде әрқалай. Мәселен, Шығыстағы тұрғындар тастайтын қоқыстарын 4 бөлікке бөліп сұрыптауға тиіс. Ал елордалықтар үйдегі қалдықтарды сұйық және құрғақтығына байланысты екі түрлі контейнерлерге жеке-жеке салады. Жаңа бастама келер жылы күшіне енбек.

"Қоқысты бөлек жинау туралы энергетика министрлігі мен әкімнің арасында меморандумға қол қойылды. Құжаттар дайындалып жатыр. Келесі жылы көшеміз. Қоқыстар сұрыпталып, құрғақ және сұйыққа бөлініп, әрқайсысына бөлек контейнерлер қойылады",- дейді жауапты мамандар.

Олардың айтуынша, қоқыстарды азайту ең алдымен — табиғи ресурстарымызды сақтау үшін қажет. Бірақ, қалдықтарға екінші өмір сыйлау үшін олар өзге қоқыстармен араласпауы шарт. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу