Қазақстандықтарға салық органына бару туралы хабарлама жіберіледі

291

Салық әкімшілік істерді жүргізудің электрондық форматына көшті.  

Қазақстандықтарға салық органына бару туралы хабарлама жіберіледі Фото: designli.co

Қаржы министрлігі, мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге 1414 нөмірінен SMS-хабарлама арқылы салық органына келу туралы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың қараша айынан бастап мемлекеттік кірістер органдары "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесінде (БЖТ) электрондық іс жүргізуге толығымен көшті. Осыған байланысты салықтық әкімшілендіру жүйесінде жаңа функционал іске асырылады.

Мемлекеттік кіріс органдарына келу қажеттігі туралы хабарламалар электрондық түрде келетін болады.

Олар бірнеше жолмен хабарланады:

  • СӘИЖ жүйесіндегі салық төлеушінің кабинетіне;
  • Электрондық Үкімет қосымшасына;
  • 1414 нөмірінен салық төлеушінің ұялы телефонына SMS-хабарлама.

Кірістер комитеті SMS арқылы хабарлама тек ақпараттық сипатта келетінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу