Қазақстандықтарға "шартсыз базалық табыс" төлене ме?

949

Вице-министрі Финляндияның тәжірибесі туралы пікір білдірді.  

Қазақстандықтарға "шартсыз базалық табыс" төлене ме?

Қазіргі 42 500 теңгенің орнына Финляндия мен Канададағыдай шартсыз базалық табыс төлеуге не кедергі? Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Шапкенов бұл сұраққа былай деп жауап берді.

"Шартсыз базалық табыс деген шараны түрлі елдер түрлі уақытта ілкі жоба ретінде іске асырған болатын.  Финляндия, Канада сияқты елдердің тәжірибесінде бар. Оның шарты бойынша барлық азаматтарға адамның минималды қажеттіліктерін өтейтіндей көлемде белгілі бір ақша төленеді. Оны беру кезінде жұмысқа орналасу міндеті қойылмайды. Есесіне, басқа әлеуметтік өтемақылар мен төлемдер алынып асталады. Бірақ кейбір елдер бұл тәжірибесінен бас тартты. Сондықтан бұл ұсынысты зерделеп, өзге елдерде қалай енгізілгенін, неге кейбір елдер бас тартқанын мұқият зерттеу керек. Тек осыдан кейін ғана нақты жауап беруге болады. Менің білуімше, Финляндия осы төлемді енгізген кезде ел арасында масылдық пайда болып, халықтың жұмыс іздеуге, өздерін жетілдіріп, дамытуға деген ынтасы жоғалған", - деді министрлік өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу