Қазақстандықтарға скрининг пен екпе туралы 1414 арқылы хабарланады

320

Елімізде 19 қазаннан бастап скринингтер туралы SMS-хабарламалар жіберу пилоттық жобасы іске қосылады.

Қазақстандықтарға скрининг пен екпе туралы 1414 арқылы хабарланады Фото: factcheck.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 26 қазанынан бастап еліміздің барлық өңірінде жүргізілген екпелер туралы хабарламалар жіберу жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанда скринингтерден уақтылы өтуге, вакцинациялау туралы мәліметтерді тексеруге және көрсетілген медициналық қызметтерді растауға арналған жаңа цифрлық сервистер енгізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

19 қазаннан бастап Ақмола облысында, Абай және Ұлытау облыстарында 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы скринингтерден өту қажеттігі туралы жеке SMS-ескертулер жіберу жоспарланған.

Жүйе жүрек-қантамыр және онкологиялық ауруларды, қант диабетін, ми қанайналымының бұзылуын және вирустық гепатиттерді ерте анықтауды қоса алғанда, 6 бағыт бойынша профилактикалық тексеруден өтуі қажет азаматтарды автоматты түрде анықтайды.

Хабарлама алған азамат тексеруден өту үшін өзі тіркелген емханаға жүгіне алады.

Егер хабарламадағы мәліметтер шындыққа сәйкес келмесе, азамат 1414 нөміріне жауап хабарлама жіберу арқылы бұл туралы хабарлай алады. Ақпарат тексеру жүргізу үшін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу