"Отбасы банк" қазақстандықтарға зейнетақы жинағындағы артық қаражатқа қатысты шұғыл ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Зейнетақы жинақтарыңыздағы артық қаражатты тиімді пайдаланып үлгеріңіз. Жақын арада жеткіліктілік шегін көтеру жоспарланып отыр. Зейнетақы жеткіліктілік шектері алдағы уақытта, шамамен мамыр айында көтерілуі жоспарланып отыр. Бұл қазіргі таңда қолжетімді сома өзгеруі мүмкін екенін және кейбір мүмкіндіктердің шектелетінін білдіреді. Егер сіз зейнетақы жинақтарының артық қаражатын аударуды қарастырып жүрсеңіз, оны кейінге қалдырмаған дұрыс", – делінген "Отбасы банк" таратқан хабарламада.
Нұсқалардың бірі ретінде қаражатты "Отбасы банк" депозитіне аударып, оны тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттау ұсынылып отыр.
БЖЗҚ-дан "Отбасы банкке" қаражатты келесі тәсілмен аударуға болады:
- ЭЦҚ алып, NCALayer орнатыңыз (PKI.GOV.KZ);
- Жеке кабинеттен қолжетімді соманы тексеріңіз (CABINET.ENPF.KZ);
- Отбасы банк мобильді қосымшасында немесе видеоқоңырау арқылы арнайы шот ашыңыз;
- enpf-otbasy.kz платформасында ЭЦҚ арқылы авторизация жасаңыз;
- Мақсатты таңдап, соманы көрсетіп өтінім беріңіз (2 жұмыс күніне дейін қаралады);
- Қаражат арнайы шотқа түседі (3–5 жұмыс күні);
- Құжаттарды жүктеп, өтінішке қол қойыңыз (20 жұмыс күні ішінде);
- Тексеруден кейін қаражат аударымы жүзеге асырылады (10 жұмыс күніне дейін).