Қазақстандықтарға жалға берілетін баспананы сатып алу құқығы беріледі

266

Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты. 

Қазақстандықтарға жалға берілетін баспананы сатып алу құқығы беріледі Фото: inbusiness.kz

Бұған дейін қазақстандықтар мемлекеттік бағдарламалар бойынша алынған жалға берілетін баспананы сатып ала алмайтын. Қазір оның тетігі өзгеріп жатыр. Яғни, қазақстандықтарға жалға берілетін баспананы сатып алу құқығы беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл мәселені пысықтап жатыр және жақын арада құжат қабылданып, жарияланады. Алайда, осыған қатысты 2016 жылы шешім қабылданған еді. Бұл ретте, жекешелендіру мүмкін емес, яғни сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер бар. Енді тәсілдер өзгереді. Сондықтан ведомство осы тетікті пысықтайды. Атап айтқанда, осы бағытта тиісті ерекшеліктерді назарға алып, өңірлердегі жағдайды қарастыру керек", - деп түсіндірді Роман Скляр.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары сатып алу құқығы берілетінін, тетіктің өзі жақын арада егжей-тегжейлі қаралатынын нақтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу