Ол еліндегі тасқын салдарын жою кезінде қазақстандықтар тарапынан көрсетілген көмек үшін де алғысын айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазір Дағыстанның Каспийск қаласына жақын елді мекендерде "Asar Ume" қайырымдылық қорының 40-қа жуық еріктісі жұмыс істеп жатыр. Олар су тасқыны салдарынан істен шыққан ауызсу жүйесін қалпына келтірумен айналысуда.
Сондай-ақ, Қазақстанның әр өңірінен гуманитарлық көмек жіберіліп, зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетілуде.
– Қазақстаннан көрсетілген көмекті ерекше атап өткім келеді. Қиын сәтте дер кезінде қолдау білдіріп, нақты іспен көмектесті. Әсіресе, еріктілердің келіп, су жүйесін қалпына келтіруге атсалысуы – үлкен көмек. Мұндай қолдауды біз жоғары бағалаймыз, – деді Омарасхаб Ахмедов.
Ол соңғы екі жылда Қазақстан мен Дағыстан арасындағы байланыс нығайғанын атап өтті. Бұл көмек тек материалдық емес, халықтар арасындағы шынайы бауырластықтың белгісі саналады.
– Қазақстан халқының бірлігі күні жай ғана мереке емес екенін іс жүзінде көрдік. Сіздер достық пен бауырластықты нақты іспен дәлелдеп отырсыздар. Бұл – халықтар арасындағы шынайы байланыстың көрінісі. Осындай ынтымақ әрқашан нығая берсін, – деп тілек білдірді ол.
Айта кеткен жөн, 2 жыл бұрын Қазақстанда тасқын болғанда дәл осы Омарасхаб Ахмедов Атырауға 50 мың қап әкелген еді.