Қазақстанға арнайы бортпен Түркиядан 64 адам эвакуацияланды

454

Арнайы бортпен Түркиядан елімізге 64 адам жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.  

Қазақстанға арнайы бортпен Түркиядан 64 адам эвакуацияланды Фото: inform.kz

"Газиантеп қаласынан арнайы бортпен Қазақстанның – 42, Қырғызстанның 22 азаматы эвакуацияланды", - деп хабарлайды агенттік.

Арнайы борт Астана халықаралық әуежайына қонған соң, эвакуацияланған адамдар паспорттық бақылаудан өтті.

Төтенше жағдайлар мен апаттар жөніндегі басқарманың (AFAD) дерегіне сәйкес, 6 ақпанда Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен жер сілкінгеннен кейін 648 афтершок болды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.

Ал Сирия денсаулық министрлігінің соңғы ақпаратына сүйенсек, елде кем кедегенде 2,5 мың адам көз жұмды, 4,6 мың адам жарақат алды.

Айта кетейік, кеше Газиантеп қаласына қазақстандық құтқарушылардың екінші легі аттанды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу