Қазақстанға аштық қаупі төніп тұрған жоқ – сарапшылар

5552

2022 жылы Қазақстан аштықтың ең төменгі деңгейі бойынша елдер рейтингінде Еуропа мен Орталық Азияның 25 елі арасында 16-орынға тұрақтады. 

Қазақстанға аштық қаупі төніп тұрған жоқ – сарапшылар Фото: inbusiness.kz

Ал зерттеу жүргізілген 136 елдің ішінде 24-орынға жайғасты, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Еліміздің аштық индексі – 5,9. Көрсеткіш неғұрлым аз болса, соғұрлым елдің аштыққа ұшырау қаупі де төмен.

Ресурстың жазуынша, ТМД елдерінің арасында Қазақстанға қарағанда Беларусь пен Өзбекстанда жағдай жақсырақ. Ал Ресей, Армения, Молдова, Әзербайжан, Украина, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан жаһандық рейтингте елімізден кейін орналасқан.

Our World in Data мәліметінше, 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикамызда жан басына шаққанда күніне орта есеппен 3,4 мың ккал тұтынылды. Бұл былтырғыға қарағанда 1,4%-ға артық.

Бұл көрсеткіш ТМД елдерінің арасында Молдова, Ресей және Арменияда жоғары болды. Аз көрсеткіштер Әзербайжан (жан басына шаққанда күніне 3,4 мың ккал), Беларуссия (3,2 мың ккал), Украина (3 мың ккал), Тәжікстан және Түрікменстанда (әрқайсысы 2,8 мың ккал), Қырғызстанда (2,7 мың ккал) байқалды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде әрбір адам орта есеппен 3 мың ккал тұтынған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1%-ға аз.

Республика бойынша ең жоғары калориялы тағамды Түркістан облысының тұрғындары тұтынған: бір адамға күніне 3,5 мың ккал. Үздік үштікке Алматы және Жетісу облыстары кірді: 3,4 мың ккал.

Ең төмен көрсеткіштер Шымкент (2,4 мың ккал), Астана (2,5 мың ккал) және Атырау облысында (2,6 мың ккал) тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу