Қазақстанға атом электр станциясы керек – Президент

1923

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атом электр станциясын салу мәселесін қарастыру керегін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстанға атом электр станциясы керек – Президент Фото: akorda.kz

"Менің ойымша, Қазақстанға атом электр станциясы керек. Бұл мәселені жан-жақты қарастыратын кез келді", - деді Президент бейнеконференция форматында өтіп жатқан Шығыс экономикалық форумның пленарлық отырысында.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда атом энергетикасын дамыту мәселесін жан-жақты зерделеуді тапсырған болатын.

"Тұрғындар мен бизнестің және мемлекеттің қажеттілігін ескеру маңызды", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 2019 жылғы көктемде Ресей президенті Владимир Путин Мемлекет басшысына ресейлік технологиялар бойынша елімізде атом электр станциясын салуды ұсынған еді. Кейін бұл мәселе қоғамда қызу талқыланған.

Кейін Қазақстан билігі АЭС-ті салу туралы шешімді тұрғындарының пікірін ескере отырып, қабылдайтынын мәлімдеген.

Президент журналистерге Қазақстан атом электр станциясын салуға ниетті емес екенін айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу