Қазақстанға бидайды автокөлікпен әкелуге тыйым салынады

590

Бұйрық Ашық НҚА порталында жарияланды.  

Қазақстанға бидайды автокөлікпен әкелуге тыйым салынады Фото: kaztag.kz

Құжат 5 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады inbusiness.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағына автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салу туралы" бұйрықтың жобасын әзірледі.

"Тұқымдық бидайды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды 1001 11; 1001 91) қоспағанда, бидай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды 1001) импортына Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен алты айға тыйым салу енгізілсін", - деп жазылған бұйрықта.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салсақ, Ресей Федерациясынан автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салу туралы ұсыныс 14 наурызда ҚР Сауда және интеграция вице-премьерінің қатысуымен өткен кеңесте айтылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу