Қазақстанға экстрадицияланған 34 адам аса ауыр және ауыр қылмыс жасаған

1234

Олар ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылықтан тыс қалады. Бұл туралы сенаттың жалпы отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанға экстрадицияланған 34 адам аса ауыр және ауыр қылмыс жасаған

Министрдің сөзінше, шетелде сотталып, жазасын елде өтеп жатқан 35  қазақстандық бар. Олардың 34-і аса ауыр және ауыр қылмыс жасаған. 

Шетелде сотталған 35 адамның 31-і Ресейде, қалғандары Беларусь пен  Қырғызстанда істі болған. Келісім бойынша олардың барлығы Қазақстанға ауыстырылып, жазаларын өтеп жатыр. Рақымшылыққа 1 адам ғана ілігіп отыр. Ол ауыр қылмыс жасағаны үшін 4 жылға сотталып, жазасының 3 жылын өтеген. Соңғы 1 жылы рақымшылық аясында кешіріледі. Аса ауыр және ауыр қылмыс үшін сотталған 34 адамға рақымшылық жасалмайды", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу