Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы "Сарыарқа" халықаралық әуежайындағы фитосанитариялық бақылау бекетінде тексеріс жүргізу барысында заң талаптарына қайшы жағдайды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бақылау кезінде Эквадордан жеткізілген раушан гүлдерінен сынамалар алынды. Олардың жалпы көлемі – 50 695 дана.
"Фитосанитария" РМК облыстық филиалының сараптамасы нәтижесінде гүлдердің бір бөлігінен карантиндік нысан – батыс гүл трипсі табылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік инспекция комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға елге карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде фитосанитариялық заңнама талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.