Қазақстанға экзотикалық жемістер қай елдерден жеткізіледі

377

Биыл елімізге 51 969,9 тонна жеміс әкелінген.

Қазақстанға экзотикалық жемістер қай елдерден жеткізіледі Фото: freepik

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті дәмді цитрус және экзотикалық жемістердің импортына қатысты қызықты статистиканы жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, биылғы қаңтар-қазан аралығында республикаға жалпы салмағы 51 969,9 тонна құны 35 607,2 мың АҚШ долларын құрайтын цитрус және экзотикалық жемістер импортталды (2022 жылдың 10 айында 22 729,2 мың АҚШ долларына 36 087,4 тонна салмағы).

"10 айда Қазақстанға құны 34 579,8 мың АҚШ долларына салмағы 51 095,4 тонна хош иісті цитрус жемістері әкелінді. Өткен 2022 жылдың статистикасына сүйенсек, биыл елімізге құны 12 878,0 мың АҚШ долларын құрайтын 15 882,5 тоннаға импортталған цитрус жемістерінің өсімі байқалады", - делінген мемлекеттік кірістер департаменітінің хабарламасында. 

Белгілі болғандай, Қытай Қазақстанға цитрус және экзотикалық жемістер импорты бойынша көш бастап тұр. Он айдың ішінде бұл елден 898 мың 600 долларға 812,5 тонна өнім жеткізілген.

Сонымен қатар 2023 жылы құрма, інжір, ананас, авокадо, манго және басқа да жемістердің негізгі импорттаушылары Перу, Пәкістан, Нидерланды, Бразилия және Таиланд болған.

Бұған қоса, Колумбия, Кот-д'Ивуар, Мексика және Түркиядан жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу