Қазақстанға еттің көп бөлігі АҚШ-тан импортталады

1195

2021 жылы осы салалардағы транзакциялардың жалпы көлемі 81,8 млн долларды құрады.

Қазақстанға еттің көп бөлігі АҚШ-тан импортталады

Қазақстанға ет пен субөнімдердің (ет өнімдерін қоспағанда) негізгі жеткізуші ЕАЭО-дағы серіктестер мен шекаралас елдер емес, АҚШ болып табылады, деп жазды inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап. 

2021 жылы осы салаладағы транзакциялардың жалпы көлемі 81,8 млн долларды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 10%-ға дерлік аз.

Екінші орында Ресей тұр. Былтыр аталған елден импорт 69,4 млн долларды құрап, бір жыл ішінде 14,2%-ға өсті.  Үшінші орында Беларусь (61,4 млн доллар, 11,9%).  Тағы бір негізгі жеткізуші – Украина (32,5 млн доллар), аталған елден импорттың жылдық өсімі 10,5%-ды құрады.

Орталық Азиядағы Қазақстанға ет сататын жалғыз ел – Қырғызстан.  Бірақ көрші мемлекеттен импорт көлемі мардымсыз. Мәселен, бір жыл ішінде импорттық өнімнің жалпы құны шамамен 800 долларды құрады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу