Қазақстанға "Қаламқас-Теңіз" кен орны қайтарылды

2631

Кен орнын игеруден бас тартуға капиталды шығын көлемінің жоғарылығы жағдайында жоба табыстылығының төмендігі себеп болған. 

Қазақстанға "Қаламқас-Теңіз" кен орны қайтарылды

North Caspian Operating Company акционерлері Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы "Қаламқас-Теңіз" кен орнын игеру жұмыстарын бастамайтын болды. Бұл туралы "PSA" ЖШС-нің өкілетті органы хабарлады. 

Айта кету керек, NCOC консорциумы акционерлерінің қатарында "Қазмұнайгаз" (акциялардың 16,88%), Shell, ExxonMobil, Total мен италиялық Eni (әрқайсысында 16,81%-дан), қытайлық CNPC (8,33%) және Inpex (7,56%) бар. 

Кен орнын игеруден бас тартуға капиталды шығын көлемінің жоғарылығы жағдайында жоба табыстылығының төмендігі себеп болған. 

Ал бұған дейін, қыркүйек айында NCOC пен КМОК 2019 жылдың төртінші тоқсанында "Қаламқас-Теңіз" және "Хазар" кен орындарын игеру жоспарын жариялайды деп хабарланған еді. 

Энергетика министрлігінің айтуынша, 2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстан мен Солтүстік-Каспий жобасының инвесторлары келісімге келген еді. Құжатқа сәйкес, егер де кен орнын игеру туралы жоспар 2019 жылдың соңына дейін ұсынылмаса, "Қаламқас-Теңіз" ерікті түрде республикаға қайтарылуы керек. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу