Қазақстанға кіргізілетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті

809

Қазақстанға кіргізілетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті

Қазақстанға кіргізілетін ойыншықтардың үштен бірі бала өміріне қауіпті. Ал олардың басым бөлігі Қытай мен Түркиядан әкелінеді екен. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, сапасыз ойыншық тасымалдайтын бизнесмендерге айыппұл төлеу түк емес. Оның үстіне шекараларда бақылау төмен. Сондықтан, улы ойыншықтар базар мен дүкен сөрелерінде толып тұр. Сол үшін премьер қауіпті тауарларды елімізге мүлдем кіргізбеуге тапсырма берді.
"Алда жаңа жыл келе жатыр. Жұрттың барлығы балалары мен немерелеріне ойыншық сатып алады. Сонда қауіптісін қалай таңдаймыз? Меніңше халықты құлақтандыру керек. Сауда үйлерінде улы ойыншық болса, сатылуына жол бермеуіміз қажет", - дейді ҚР премьер-министрі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу