Бұл бастама елге келушілерді есепке алу жүйесін жетілдіріп, көші-қон үдерісінің ашықтығын арттыруды көздейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ішкі істер министрлігі осыған қатысты тиісті түзетулерді әзірледі. Жаңа тәртіп шетел азаматтарының Қазақстанға кіруін цифрлық форматта рәсімдеуге мүмкіндік беріп, көші-қон бақылауын тиімді жүргізуге жағдай жасайды.
Электронды кіру рұқсатын рәсімдеу ақылы болады. Түскен қаражат цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және пайдаланушылардың дербес деректерін қорғауға жұмсалады.
Аталған құжат "Ашық НҚА" порталында жария талқылауға шығарылды. Қоғамдық талқылау 17 тамызға дейін жалғасады.
Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК жыл басынан бері 200 шетелдік шекарадан жалған құжатпен өтпек болғанын хабарлады.