"Қытайда өндірілген коронавирусқа қарсы вакцина елімізге жеткізілген жоқ. Қазақстанға жеткізілген әрбір дәрі-дәрмек, вакцина алдымен Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсатын алып, тексерістен өтуі керек", - деді министрдің орынбасары ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ вице-министр Әлия Назарбаеваның коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның алуына қатысты пікір білдірді.
"Әлия ханым СOVID-19-ға қарсы екпені басқа елде салдырған. Ол вакцинаны турист ретінде алған", - деді Ажар Ғиният.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанға сәуірде коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның 2,5 млн дозасы жеткізілетіні хабарланған.
Дәурен Ерболат