Қазақстанға мұнай экспортынан түсетін табыс 6 есеге азаяды

723

"IHS MARKIT" халықаралық агенттігі осындай болжам жасап отыр.  

Қазақстанға мұнай экспортынан түсетін табыс 6 есеге азаяды

Қазақстанға мұнай экспортынан түсетін табыс 6 есеге азаяды, деп хабарлайды Atameken Business.

Іnbusiness.kz сайтында жарияланған құжатқа қарағанда, ішкі шикізат өндірісінің жылдық жоспары 90 мың тоннадан 71 мың тоннаға дейін төмендеуі мүмкін.

Еліміз сәуір айында Ресей арқылы 610 мың тонна мұнай экспорттайды. Бүгін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы осындай ақпарат таратты. Шикізат "ҚазТрансОйл"-ға тиесілі құбыр – "Атырау-Самара"-мен жеткізіліп, "Транснефть" магистраліне қосылмақ. Компания мамыр айында бұл мөлшерді ұлғайтуды жоспарлапты. Бірақ нақты көлемін Энергетика министрлігілімен білесіп анықтап, кесте жасауы тиіс. "Атырау-Самара" дәлізімен 2019 жылы 14,3 млн тонна шикізат экспортталса, соның 6,2 млн тоннасы "ҚазМұнайГаздың" өнімі болған делінген құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу