Қазақстанға ОПЕК келісімі барысындағы міндеттерді ұзарту туралы ұсыныс әзірге түскен жоқ

942

Қазақстанға ОПЕК келісімі барысындағы міндеттерді ұзарту туралы ұсыныс әзірге түскен жоқ

Қазақстан ОПЕК өкілдерімен 2018 жылдың ортасына дейін мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімді ұзарту мүмкіндігін әзірге талқылаған жоқ, деп хабарлады энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев, деп "Интерфакс-Қазақстан" жазады.   
"Ұзарту туралы ұсыныс болған жоқ", – деді  тілшінің сұрағына жауап берген Мағзұм Мырзағалиев.
Оның айтуынша, бұл мәселені талқылау әлі ерте. "Уақыт әлі жетеді. Жұмыс жалғасып жатыр", – деді энергетика вице-министрі. 
Бұдан бұрын  The Wall Street Journal дереккөзге сілтеме жасай отырып, мұнай өндіруші ірі компаниялар, Ресей және Саудия ОПЕК келісіміне қатысушы-елдердің қалғанына мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімді тағы үш айға, яғни 2018 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартуға ұсыныс жасап отыр деп хабарлаған болатын. 
Былтырғы жылдың соңында ОПЕК елдері мұнай өндіруді 2016 жылдың қазанына дейін  тәулігіне 1,2 млн баррельден 32,5 млн дейін, ал ОПЕК емес елдер тәулігіне 558 мың баррельге қысқартуға шешім қабылдаған болатын. Ал мамыр айында келісімді тағы тоғыз айға – 2018 жылдың наурыз айының соңына дейін  ұзартуға шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу