Қазақстанға өткен жылы 23 мың адам көшіп келді

447

Бұдан басқа, 15 мың адамның шетел асқаны белгілі болды. 

Қазақстанға өткен жылы 23 мың адам көшіп келді Фото: inbusiness.kz

Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев елдегі қазіргі көші-қон жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2023 жылы сыртқы көші-қонда оң динамика байқалды. 2023 жылғы 1 желтоқсанда көші-қон сальдосы +8,3 мың адамды құрады. Елге 23 мың адам келіп, 15 мың адам елден шықты. Көші-қон өсімі негізінен ТМД мен Қытайға тиесілі", – деді спикер.

Оның айтуынша, білім деңгейі бойынша да оң сальдо байқалады.

Көші-қон комитетінің төрағасы былтыр ел ішінде қоныс аударушылардың саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 26%-ға өскенін айтты.

"2023 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ішкі көші-қонға 733 мың адам, оның ішінде 338 мыңы облысаралық қоныс аударуға қатысты. Мегаполистер ішкі мигранттарды тарту орталықтары болып қала береді. Мәселен, Астанаға – 74 мыңнан астам адам, Алматыға – 67 мың адам, Шымкентке 30 мың адам тұрақты тұруға келді", – деп қосты Асқарбек Ертаев.

Айта кету керек, осыған дейін "Ата жолы" картасын 44 этникалық қазаққа берілгенін жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу