Қазақстанға Өзбекстаннан қандай тауарлар импортталады?

703

Екі ел арасындағы тауар айналымы 0,4%-ға азайды. 

Қазақстанға Өзбекстаннан қандай тауарлар импортталады? Фото: Gazeta.uz

Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзюекстанның арасындағы тауар айналымы 2,5 млрд доллар болды. Бұл былтырғыға қарағанда 0,4 пайызға төмен, деп жазады Inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

  • Тауар айналымының басым бөлігі (71,6%) экспортқа тиесілі: 1,8 млрд доллар, бір жылда 2,7%-ға аз.
  • Импорт үлесі – 28,4%: 721,6 млн доллар, бір жылда 6,1%-ға артық.

Негізгі экспорттық санаттың алдыңғы қатарында бидай мен меслин орналасты. Мұнда жеткізілім көлемі 511,9 млн долларды құрады, бұл былтырғыға қарағанда 22,1%-ға артық. Танымал позициялардың арасында темір мен болаттан жасалған жалпақ илек, ұн, минералды және химиялық тыңайтқыштар, майлар бар.

Өзбекстаннан Қазақстанға импортталған негізгі санатқа киім-кешек (27,5 млн доллар), темір және болаттан жасалған жалпақ илек (23,8 млн доллар), моторлы көлік құралдарының бөлшектері мен керек-жарақтары (23,5 млн доллар), тоңазытқыштар мен мұздатқыштар (15,5 млн доллар), сондай-ақ адамдарды тасымалдауға арналған автобустар мен өзге де осындай моторлы көлік құралдары (12,9 млн доллар) енген.

Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан резиденттерінің көрші ел инвесторлары алдындағы міндеттемесі 357,8 млн долларға жеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 16%-ға көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу