Қазақстанға Ресейден Амур жолбарысы әкелінеді

649

Экология министрлігі әзірленіп жатқан жол картасының аясында 2025 жылы үш Амур жолбарысын әкелуді жоспарлап отыр.   

Қазақстанға Ресейден Амур жолбарысы әкелінеді Фото: baq.kz

Мәжілістегі Үкімет сағатынан соң Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев еліміздегі жолбарыстар популяциясын қалпына келтіру мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz.
 

"Қыркүйек айында Ресей Федерациясының Табиғат министрлігімен меморандумға қол қойылды. Қазір жол картасы әзірленіп жатыр. Оның шеңберінде ғылыми зерттеу іс-шараларынан бөлек 2025 жылы Амур жолбарыстарының алғашқы партиясын әкелеміз", - деді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, жолбарыстарға арналған азық базасы дайындалған.  Еліктер мен қабандардың саны жеткілікті.

"Біз резерват құру туралы айтып отырмыз. Резерват шектеулі қызметті қамтиды. Бұл жолбарыстарды ресейлік тарап бізге тегін береді. Амур және Тұран жолбарыстарына келетін болсақ, отандық ғалымдар ДНҚ бойынша Тұран жолбарысына Амур жолбарысы ең жақын екенін анықтады. Сол себепті де Амур жолбарысын енгізу туралы шешім қабылданды", - деп айтты Серікқали Брекешев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу