Қазақстанға Ресейден импортталатын азық-түлік көлемі артуы мүмкін

371

Өйткені, ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын көбейіп жатса да, елдегі тағам бағасы арзандамай тұр.

Қазақстанға Ресейден импортталатын азық-түлік көлемі артуы мүмкін Фото: Ашық дереккөзден

Алдағы жылдары Ресейден елімізге импортталатын азық-түлік көлемі артуы мүмкін. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Өйткені, ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаражат көлемі жыл сайын көбейіп жатса да, елдегі тағам бағасы арзандамай тұр. Әшімбаев: "Жағдай бұлай жалғаса берсе, ел сырттан келетін арзан, әрі сапалы тағамға таңдау жасайды",- деген алаңдаушылығын білдірді.

"Соңғы 5 жылда тек субсидия ретінде ауыл шаруашылығына 2 трлн теңге берілген. Соған қарамастан, өткен жылы азық-түлік импорты 20 пайызға артқан. Қыруар қаражат салынып жатыр, алайда, сырттан төніп тұрған қауіп те бар. Өздеріңіз көріп отырғандай Ресей рубльі құлдырау үстінде, бұл дегеніңіз, Ресей өнімдері арзандайды деген сөз. Бұл біздің өндірушілер үшін тиімсіз", - деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ, Әшімбаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар әлеуметтік және өндірістік жобаларға арналған жерлерді мейрамхана мен коттедж салуға бергенін айтты. Мұндай заң бұзушылықтарды өткен жылы Прокуратура анықтаған. Сондықтан сенатор төрағасы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысын реттейтін заңды қайта қарауды ұсынды.  

"Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпрациялар тұрақтандыру қорларын құруға арналған қаражатты мақсатты пайдаланбаған. Кей ақша жеңілдетілген шарттармен еншілес компанияларға беріліп, банк депозиттеріне салынған. Прокуратура еліміз бойынша барлық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды тексерген. Олардың барлығында дерлік заң бұзушылықтар анықталған", - деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу