Қазақстанға Ресейден келетін импорттық тауарлардың көлемі 26% өсті

1836

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 27% өсті. Бұл бағытта Қазақстанның экспорты та, импорты да артқан, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Қазақстанға Ресейден келетін импорттық тауарлардың көлемі 26% өсті

2021 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанның Ресеймен тауар айналымы 10,7 млрд долларды құрады. Бұл – бір жыл бұрынғыға қарағанда 26,7% артық. Тауар айналымының басым бөлігін, атап айтқанда 69,6% немесе 7,5 млрд долларын Ресейден келетін импорт құрайды. Бір жыл бұрынғыға қарағанда бұл көрсеткіш 19,2% өскен.

"Қазақстанның Ресейге экспорты 30,4% немесе 3,3 млрд долларды құрады. Бұл көрсеткіш – бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 48% көп. Ресейден Қазақстанға түрлі тауарлар әкелінеді. Мәселен, жарты жыл ішінде Қазақстанға 375,1 млн литр минералды су, 402,5 мың тонна портландцемент, 287,6 мың тонна көмір, 3,6 мың тонна дәрі-дәрмек, 299,3 мың шаршы метр ағаш жаңқалы тақталар, 3,4 млн шаршы метр линолеум, 243,9 млн кірпіш, 509,4 мың раковина және тағы басқа тауарлар импортталған. Ал Қазақстаннан Ресейге жарты жыл ішінде 39 мың тонна бидай, 11,5 мың тонна күріш, 128,2 мың тонна портландцемент, 4,6 млн тонна темір кені, 41 мың тонна табиғи газ конденсаты, 27,3 мың тонна тыңайтқыш, 12,4 мың шаршы метр керамикалық плиталар, 26,8 мың тонна алкогольді және алкогольсіз сусындар жіберілген", - делінген зерттеуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу