Қазақстанға шетелдік инвестициялар ағыны 17,8%-ға өсті

632

Жалпы сома көлемі 22,1 млрд АҚШ долларын құрап отыр.  

Қазақстанға шетелдік инвестициялар ағыны 17,8%-ға өсті Фото: liter.kz

Өткен жылдың 9 айдағы қорытындысы бойынша Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 17,8%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Инвестициялар ағынының ең үлкен өсімі өңдеу өнеркәсібінде: 36,9% ($4,9 млрд), көтерме және бөлшек саудада: 32,6% ($3,8 млрд), көлік пен қоймада: 20,1% ($938,7 млн), тау-кен өнеркәсібінде: 11,7% ($10,1 млрд) байқалды.

Қазақстанға ең көп инвестициялар салған елдер тізіміне Нидерланд ($5,5 млрд), АҚШ ($5 млрд), Швейцария ($2,6 млрд), Бельгия ($1,3 млрд), РФ ($1,3 млрд), Оңтүстік Корея ($1,1 млрд), ҚХР ($996,7 млн) және Франция ($538,1 млн) кірді.

Бұл ретте, Бельгия мен Оңтүстік Кореядан инвестициялар ағыны екіжақты қатынастар тарихында рекордтық көрсеткішке жетті.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуынша, ТШИ ағыны өсуінің оң динамикасы – елімізге инвестициялар ағынына қысым жасайтын сыртқы факторларға қарамастан, шетелдік инвесторлардың елімізге және жүргізіліп жатқан реформаларға сенімінің дәлелі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу